Басты ақпарат

Тағзым керуені

Елордада Алғыс айту күні мейірімділік пен қайырымдылық мерекесі ретінде аталып өтілді. Нұр-Сұлтан қалалық Қазақ­стан халқы Ассамблея­сы, басқа да мекемелер мен кәсіп­орындар ардагерлерге, көмекке мұқтаж жандарға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар беріп, концерттік бағдарламалар ұсынды. Қала бойынша «Тағзым керуені» ұйым­­дастырылып, тұрғындардың көңіл-күйін көтерді. Мектеп оқушыларынан құралған «Жас ұлан» әскери жасағы төтенше жағдай уақытында жедел көмекпен қамтамасыз ететін – «103 жедел жәрдем» желісі, өрт сөндіру қызметі, полицияның кезекшілік бөлімі, «Нұрлы жол» теміржол вокзалы қызметкерлеріне және «Астана Тазалық» мердігерлік ұйымының еңбеккерлеріне алғыстарын айтып, гүл шоқтарын табыс етті.

[smartslider3 slider=2287]

Сондай-ақ «Тағзым» керуені Ұлы Отан соғысы ардегерлерін, жалғызілікті  қарттарды мерекемен құттықтап, тәттілерден тарту жасады. Оқушылардан құралған «Еріктілер» тобы жалғызбасты зейнеткерлердің ауласын қардан тазартты.

Дәл осы күні аталған керуен Алматы ауданындағы әлеуметтік нысандарға  барып, қала  әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, Мамандандырылған балалар үйі, SOS Балалар қалашығы, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, «Балам-ай» қоғамдық қорының қызметкерлеріне №2 «Өнер» мектебінің «Өнер керуені» шағын концерттік бағдарлама ұсынды.

Сонымен қатар аудан балабақшалары арасында «Мейірімге толы әлем!» атты онлайн-челленджі өтті. Шара қорытындысы бойынша «Ең үздік челлендж», «Ең үздік құттықтау» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып, үздіктерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Солардың таңдаулылары әкімдіктердің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button