Sport

Тағзым турнирі

Астанадағы Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында қаһарман-полицей Ғазиз Байтасовты еске алу мақсатында мини футболдан­ жарыс өтті. 

Жарысқа Әкімшілік полиция комитетінің Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы, Астана қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, Үкіметтік меке­ме­лер­ді күзету жөніндегі полиция полкі және Дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөнін­де­гі полиция полкі қатысты.

Естеріңізде болса, 2011 жылдың 12 қа­ра­­ша­­сын­­да Тараз қаласы тұрғын­да­ры­­ның ты­ныш­­тығын бұзып, елді дүр сіл­кін­дір­ген лаңкестік оқиға орын алған еді.­ Сол зұл­мат­тың салдарынан 7 адам бақи­лық бол­ды. Оның ішінде құқық қор­ғау ор­га­нының 5 қызметкері мен 2 қала тұрғы­ны бар. Сол кезде бейбіт халық­қа бү­лік­ сал­ған жанкештіні жанын пида ете тоқтатқан Ғазиз Байтасов бола­тын. Ерен ерлігін ескеріп, Қазақстан Рес­пуб­­ли­касы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қар­са­ңын­да­ Ел­ба­сының Жарлығымен Жамбыл облыс­тық ІІД Жол полициясы жеке баталь­о­нының 1-ші взвод командирі, поли­ция­ ка­пи­таны Ғазиз Байтасовқа Халық Қаһар­маны атағы берілген еді.

«Батырды еске алуға арналған мұндай іс-шаралар азамат­­тық рухты көтеріп, кейінгі ұрпақтың білекті де жүректі болып өсуіне септігін тигізеді деп ойлаймын», – дейді Астана қаласы Мамандандырылған күзет қызметі бас­­қар­­масы бастығының орынбасары Елдос Өтегенов.

Ербол ЖАНАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button