Ел тынысы

Такси бағасы 1%-ға дейін төмендейді

Астана қаласының тұрғындары заттарды Яндекс Go-ға ресми жинау пунктіне жеткізу қызметінің құнынан 1% символикалық ақыға жібере алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Сонымен бірге компанияның ең көп зардап шеккен аудандардағы серіктестері гуманитарлық жүктерді адамдарды уақытша орналастыру орындарына жеткізуге көмектесе алады. 4-7 сәуір аралығында Астана қаласының тұрғындары Яндекс Go қосымшасында су тасқынынан зардап шеккендерге заттарды жеткізу құнынан 1% символикалық ақыға жібере алады. Ол үшін Доставка (Жеткізу) бөлімінде «Экспресс» тарифін таңдап, баратын жерге Сарыарқа көшесі, 13 (Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты) мекенжайын көрсете отырып, тапсырыс беру қажет. Бұл ретте жүргізушілер тапсырыс үшін толық төлем алады, жеңілдікті компания өтейді. Жеңілдік пункттің жұмыс уақытында сағат 10:00-20:00 аралығында қолжетімді. Байланыс телефоны (курьер үшін тапсырыс беру кезінде көрсетуге болады): 8 701 356 22 96.
Гуманитарлық көмекті жинау пункттеріне заттарды өз бетінше апарғысы келетін қала тұрғындары оларды Яндекс Карты сайтынан сілтеме бойынша немесе іздеуге «су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті» немесе «гуманитарлық көмек жинау пункттері» сұрауларын енгізу арқылы таба алады. Мұнда бүкіл ел бойынша мекен-жайлардың тізімі қолжетімді, сондай-ақ ол үнемі толықтырылып отырады.
Жеткізу бойынша арнайы жағдайлар Алматы, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Түркістан қалаларындағы көмек жинау пункттері үшін де қолданылады. Ең көп зардап шеккен аймақтарда Яндекс Go серіктестері жиналған көмекті су тасқынынан зардап шеккендерді уақытша орналастыру орындарына жеткізеді.
Зардап шеккендерге бірінші кезекте жылы киім, резеңке етік, гигиена құралдары, төсек-орын, жылы көрпелер және төсек қаптар қажет.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button