Елорда тынысы

Такси жүргізушісі кәсіпкерді алдап кеткен

Астанада такси жүргізушісі кәсіпкерді алдап кеткен, деп хабарлайы astana-akshamy.kz

Жәбірленуші оны курьер ретінде жалдап, бірнеше кілемді клиенттердің үйіне жеткізіп беруді тапсырған.

Полицияға жеке кәсіп иесі алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып, арызданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен елорданың 29 жастағы тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында ер адам такси жүргізуші болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Жәбірленуші оны курьер ретінде жалдап, бірнеше кілемдерді клиенттердің үйлеріне жеткізіп беруді тапсырған. Жуылған кілемдердің ақшасын курьер жинап, соңында жеке кәсіп иесіне әкеліп берген.

Осылайша, жәбірленушінің сеніміне кірген ер адам ертеңгі күні тағы да осындай тапсырыс алған, алайда клиенттердің ақшасын өз қалтасына салып, байланысқа шықпаған. Келтірілген материалдық шығын — 232 мың теңге. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адамның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуды. Астана қаласы полиция департаменті сақ болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

 

Сурет: elements.envato.com

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button