Қоғам

Талант пен еңбек жетістікке бастайды

 -Астанадағы Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының негізі қаланғаннан бастап еңбек етіп келемін. Осы аралықта аз да болса театрдың репертуарында біршама қойылымдар жинақталды. Өзім театрда актер ретінде жұмыс істегеннен бөлек әлеуметтік желілерде «Шакензо» деген атпен танылдым, пародиялар жасаймын.

Оқыған мамандығым – эстрада миниатюра, 2012-2016 жылдары елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде жоғары білім алдым. Өзім Атыраудың тумасымын, сол жақта өнер колледжін тәмамдағанмын. Жалпы көзімді ашқалы өнер жолында келе жатырмын. Халықаралық іс-шараларға да қатыстым, фильмдерге де түстім, телеарналарда шетелдің фильмдеріне дубляж да жасаймын. Айтарым, елімізде бойында өнері тұнған дарынды жандарға қашан да мүмкіндіктер, олардың дамуы үшін қолдау өте көп.  Тек аянбай еңбек етсең болды. Қазір оның үстіне әлеуметтік желілер арқылы да өз бетіңізше дамып, танылып, өнеріңізбен дүйім елге атақты бола аласыз. Бастысы, саф өнердің бағасын, құнын түсірмей, талғамды төмендетіп алмасақ болды.

Біздің театрда да актерлерді жұмысқа қабдылдайтын кезде арнайы кастинг өтеді, міндетті түрде жоғары біліміне қарайды. Сондықтан сүзгіден өткен, бойында таланты мен еңбекқорлығы зор жастар ғана іріктеледі. Себебі сахна деген киелі орын, оған кім көрінген шыға бермейді. Бойында талантымен қоса, өнерге адалдығы бар, жаны да, жүрегі де таза адамдар сахна төрінен өз орнын тауып, ойнаған рөлдерімен халықтың жүрегінен орын алады.

Қазір бұрынғыдай емес елордамыздың мәдени орталық ретінде дамуы қарқын алып барады. Астанаға арман қуып келіп, өзін көрсетіп, елге, әлемге танылып жатқан таланаттар көп.  Сондықтан жалпы елімізде дарынды азаматтарға өзін дамытуға мүмкіндіктер зор, тек еңбек ете білейік, қазіргі заман талабына сай креативті ойлай білейік!

Шыныбек Рахмаш,

Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының актері

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button