Елорда тынысы

Талантты балалар танылады

Елордада дәстүрлі түрде балалар мен жасөспірімдер арасындағы қалалық ХV-ші «Шаттық-2022» шығармашылық байқауы өтіп жатыр.

[smartslider3 slider=2666]

Аталған шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және өнер мектептерінің ұйымдастыруымен 15-ші рет өткізілуде. Ондағы мақсат – балалар мен жасөспірімдерге өз даралықтары мен дағдыларын танытуға мүмкіндік беру, сондай-ақ шығармашылық әлеуетті дамытып, кәсіби біліктілікті жоғарылатуға көмектесу.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 өнер мектебі» МКҚК директоры Фархад Сәбиевтің сөзінше, бүгінгі шара балаларды шығармашылыққа үйретеді. «Шараға Нұр-Сұлтан қаласындағы 54 мектептен 171 бала қатысуда. Негізгі мақсаты – балалардың өнерге деген құштарлығын ашу, сахнаға бейімдеу. Өздеріңіз білетіндей, Президент тапсырмасына сәйкес, биыл «Балалар жылы» деп жарияланды. Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сондықтан да бүгінгі шара осыған байланысты өтіп отыр десем болады» деді Ф.Сәбиев.

Қазылар алқасының мүшесі, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Дәулет Тәпеновтің айтуынша, балалар мен жасөспірімдердің дайындығы жоғары дәрежеде. «Шаттық» шарасы – өнерлі балаларды қолдауға көмектесетін байқау. Жыл сайын өтіп тұрады. Балаларды шығармашылыққа баулиды және жас өнерпаздардың халық алдына өнер көрсетуіне таптырмайтын мүмкіндік деп ойлаймын. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін» деді ол.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button