Жаңалықтар

Талантты ұландарды қолдады

«Мейірімділік-М» қоғамдық қайырымдылық қоры дәстүр бойынша Нұр-Сұлтан қаласында «Нұр-Астана» V республикалық фестивалін өткізді. Шараға Білім басқармасы, қалалық прокуратура, «Әзірет Сұлтан» мешітінің өкілдері қатысты.

Қайырымдылық қорының төрайымы Айгүл Сейілова мен №49 мектеп директоры Данара Жомартова республикалық фестивальді ашып, оның мақсаты Балалар үйіндегі тәрбиеленушілер мен мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіру, қолдау көрсету екенін айтып берді.
– Биыл фестивальді №49 орта мектепте өткізуді шештік. Негізгі шақырылған қонақтар Қарағанды балалар үйінің тәрбиеленушілері болды. Бұл балалардың елордаға келуі қайырымдылық қорынан қаржыландырылды, – деді қор төрайымы.
Шара барысында тек Балалар үйінің тәрбиеленушілері ғана емес, мүмкіндігі шектеулі талантты ұландар да ән салып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті. Белгілі әнші Досымжан Таңатаров жеткіншектерді мерекемен құттықтады.

Ақерке САҚЫП,
Қаржы академиясының студент

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button