#Жолдау-2022

Талап күшейеді, табыс молаяды

Білім саласы Мемлекет басшысының үнемі бас­ты назарында. Жолдауда көптеген игі бастамалар айтылды, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар тапсырма берілді. Тәрбие­шілердің айлығын көтеру мәселесі оларға қойылатын талаппен бірге артады. Сондай-ақ ол балабақша тәрбиешілерінің айлығын көтере түсу – уақыт талабынан туындап отырған мәселе екендігін атады.

Мемлекет басшысы ұстаз мәртебесі, олардың жалақысы туралы әрда­йым айтып келеді. 2023 жылғы қаңтардан бастап мұғалімдердің айлығы 25 пайызға көтеріледі деген тапсырмасы тағы бар. Оған бүгін Мемлекет басшысы тәрбие­шілердің еңбекақысын көтеріп, жүктемесін азайту қажеттігін айтты. Бұл – орынды бастама. Өйткені ұстаздарға қарағанда тәрбиешілердің жалақысы өте аз, бүлдіршіндерге лайықты тәлім беруі үшін оларды материалдық жағынан қолдау аса қажет. Педагогтарды аттестаттау және аккредиттеу бойынша жұмыс та жалғасын табады. Алдағы уақытта  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында да осындай жұмыс жүргізу туралы тапсырма берілгені белгілі. Бұл – шын мәнінде халықаралық тәжірибеде бар нәрсе.

Жалпы тәрбиешілерді аттестаттау, мұғалімдерді акрредиттеу және сертификаттау, «Қолайлы мектеп» жобасы туралы Президент тапсырмалары бойынша міндетті түрде жүйелі, үздіксіз жұмыс жүргізу қажет. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы 2025 жылы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер проблемасы толығымен шешілетіндігі қуантады.

Ләззәт РАЗБЕКОВА,

Нұр-Сұлтан технологиялық колледжінің директоры, 

қалалық мәслихаттың депутаты

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button