Елорда тынысы

Талап-тілегі ескеріледі

Шаһар басшысы Алтай Көлгінов «Заречный» елді мекенін дамыту мәселесін жергілікті тұрғындармен кездесу барысында талқылады.

[smartslider3 slider=2645]

«Аудандарымызды, елді мекендерімізді тұрақты аралап, тұрғындармен кездесіп тұрамыз. Бұл жолы «Заречный» елді мекенінің тұрғындарымен кездестім. Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселе көтерілді: мектеп, балабақша салу және кеңейту, су қысымы, электр қуаты, жолдар мен автобус бағыты, жылы аялдамалар мен «Сергек» камералары, гүлзарлар және т. б. қозғалған проблемаларды жазып алдық, енді оларды іске асыру бойынша жоспар құрамыз. №45 мектеп техникалық сараптама жүргізілген соң күрделі жөндеуден өтеді. Оқушы орнының қажеттілігін ескерер болсақ, бірінші кезекте осы мектептің аумағында жаңа корпус салу мәселесін қарастырамыз. Сол сияқты №56 балабақшаны да күрделі жөндеуден өткізуді жоспарлап отырмыз» деді қала әкімі.

Сондай-ақ әкім назарынан сумен жабдықтау проблемасы тыс қалған жоқ. «Осыған дейін айтқанымдай, былтыр біз 3-сорғы-сүзгі стансасы (ССС) құрылысына кірістік. 3-ССС-тің алғашқы кезеңі биыл күзде іске қосылады. Ал толығымен 2023 жылы аяқталады. 3-ССС қаланың алдағы уақытта салынатын аудандарын ауыз сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ сумен жабдықтаудың қазіргі қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл елді мекенде жеке сектор барын ескерсек, оны газдандырамыз. Осыған дейін Сарыарқа мен Алматы аудандары газдандырылған. Биыл Есіл ауданында газ тарату желілерінің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Бұл ауданның және жалпы қаланың өмір сүру сапасы мен экологиясын жақсартуға мүмкіндік береді.

Елді мекендерді дамыту – Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. Күн райы жылынған уақыттан бастап қала көшелерін жөндеу, аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, көгалдандыру және т. б. жұмыстарға кірісеміз» деп қорытындылайды қала басшысы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button