Қоғам

Талапқа сай келмейтін жарнамалық маңдайшалар жойылуда

Сарыарқа ауданында бекітілген талаптарға сай келмейтін жарнамалық маңдайшаларды алып тастау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Осы айдың өзінде 50-ден астам заңсыз маңдайша алынып тасталды. Айта кету керек, талапқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды демонтаждау, басқа жарнама орнатуға тыйым салмайды. Кәсіпкерлер дизайн-код талаптарына сай жаңа маңдайшалар жасап, өз жарнамаларын заң аясында орналастыра алады.
Демонтаж жұмыстары басталмас бұрын, аудан әкімдігі «Астана Жарнама» КММ мамандарымен бірлесіп кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Мамандар маңдайшалардың қай талаптарға сәйкес келмейтінін түсіндіріп, оларды түзету бойынша ұсыныстар береді. Кәсіпкерлерге маңдайшаларды ретке келтіру үшін уақыт беріледі. Егер көрсетілген ескертулер белгіленген мерзімде жойылмаса, демонтаж жұмыстары жүргізіледі.
Сәйкес келмейтін маңдайшалар мен баннерлер ғимарат фасадына визуалды шу туғызып, қала көшелерінің тартымдылығын азайтады. Бұл жалпы қала сәулеті үйлесімділігіне кері әсер етеді. Мысалы, баннермен көрнектелген сөрелер жалпы эстетикаға нұқсан келтіріп қана қоймай, визуалды түрде келушілердің қызығушылығын төмендетеді.
Все реакции:

2

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button