Қала мен Сала

Талдыкөлде экопарк құрылады

Астанада саябақ кластері кеңейіп, Кіші Талдыкөл аумағында экопарк салынады. Экопарктің жалпы аумағы 70 гектардан асады. Экопарк жобасы Кіші Талдыкөлде су балансын сақтай отырып, қала тұрғындарына арналған табиғи-рекреациялық аймақ құруды көздейді.

раптамасының оң қорытындысы алынды. Құрылыс-монтаждау жұмысына мердігерлік ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Бұл аумақта экопарк салу қала мен жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына демалуға және табиғат аясында серуендеуге мүмкіндік береді.

Жасыл желек бойында жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылым салынатын болады. Оған құм-қиыршық тас қоспасын пайдалану жоспарланып отыр. Саябақтың дизайны мен оның элементтеріне ерекше мән беріледі. Қоршаған ортаға зияны тимейтін табиғи материалдар пайдаланылады, бұл экоурбанизмге сәйкес келеді.

Абаттандыру барысында табиғи жағдайларға, ойын алаңдарына және табиғи материалдардан жасалған шағын сәулет нысандарына көңіл бөлінеді. 12 мыңнан астам ірі ағаш пен жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр. Аумақты көгалдандыруға да ерекше назар аударылатын болады.

Кіші Талдыкөлдің іргелес аумағы игеріледі. Онда әлеуметтік нысандар орналасады: мектептер, медициналық орталық, тұрғын үйлер, балабақша және т.б.

Ал Үлкен Талдыкөлде экологиялық инфрақұрылым мәселесіне назар аударылады. Үлкен Талдыкөл көлінің жанында қорық және орман-саябақ аймағы бар елдегі алғашқы табиғи парк ашылады.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button