Басты ақпарат

Талдыкөл экопаркке айналады

Қала тұрғындарының белсенді демалысы үшін елордада көптеген қоғамдық кеңістіктер пайда бола бастады. Ескі үйлердің орнында, Есілдің жағалауында орналасқан ашық алаңдарда өнермен, сондай-ақ спортпен айналысуға мол мүмкіндік қарастырылған. Сондай қоғамдық кеңістіктің бірі Үлкен және Кіші Талдыкөл маңайынан ашылмақ. Бұл жерде келешекте қорық және орман-саябағы бар экопарк пайда болады. Осы мақсатқа 1 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп отыр.

[smartslider3 slider=2056]

Бүгінгі таңда Кіші Талдыкөлдің су балансын сақтай және толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Кіші Талдыкөлдегі экопарк жобасы (Е-10 көшесі, «Зеленый квартал» ТК қарама-қарсы) су қоймасы абаттандырылады: су қоймасының бойында судың табиғи сүзілуін және қажетті экожүйені құруға мүмкіндік беретін тастан жасалған жағалау болады. Сондай-ақ су деңгейін сақтап әрі оттегімен біркелкі қанықтыру үшін биодренаждық жүйені ұйымдастыру және су айдынын аэрациялау көзделеді.

Сонымен қатар серуендеу үшін де арнайы инфрақұрылым жасалады: жағалаудағы сулы-батпақты жерлерде террасалық жағалау сақталады және флора мен фаунасы бар экоклимат үшін жағдай жасалады.

Талдыкөлдің өзінде (Үлкен Талдыкөл) өзінің экологиялық инфрақұрылымы болады. Үлкен Талдыкөл көлінің жанында қорық және орман-саябақ аймағы бар еліміздегі алғашқы табиғи парк ашылады.

Урбанистика орталығы базасында, сондай-ақ Есіл ауданының әкімдігінде Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының, сол сияқты Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшылары Кіші Талдыкөлдің мәселесі бойынша экобелсенділермен, экологтармен және белсенді тұрғындармен бірнеше рет кездесу өткізді

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button