Қала тіршілігі

ТАМАҚ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

14096449010_02_September_2014_i398_organicheskie_produkty_put_k_soxraneniu_zdorovya

Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті «Халықтың тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік органдармен кәсіпкерлердің бірлесіп жұмыс істеуі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізді. 

Осы соңғы бір-екі ай көлемінде қала тұрғындарының көпшілік жиі ауқаттанатын орындарда тамақтан улану оқиғалары кездесті. Сондықтан, аталған жағдай бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып, көпшілікті алаң­датып отырғаны рас. Әрі сырттан келетін тамақ өнімдерінің кейбір түрлерінің сапасыздығы да сын көтер­мейді. Жиынға қатысқан жауапты мамандар да осы төңіректе ой қозғап, жеке кәсіпкерлермен бірлесе отырып, осындай келеңсіз жағдайлар тағы қайталанбауы үшін, оның алдын алудың тиімді жолдары қандай болмақ деген
тарапта әңгіме өрбітті. Тізгінді жоғарыда аталған департаменттің директоры Нұрлыбек Асылбеков өзі алып, жүргізіп отырды.
– Бүгінгі біз халық тұтынатын тамақ­тың сапасы мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау үшін жиналдық. Өйткені, осы келеңсіз жағдайға қала тұрғындары қатты алаңдаулы. Ол түсінікті. Сондықтан бәріміз бірлесіп, түйінді мәселенің жауабын іздесек дейміз, – деді жиналғандарды сөзге тарта сөйлеген мекеме басшысы.
Одан кейін сөз алған ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілі Марал Рахымжанова да осы мәселе туралы өз ойын сабақтап өтті. Аталмыш департамент директорының орынбасары Сархат Бейсенова қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы жайында баяндама жасады. Әсіресе, «Астана экспертиза» ЖШС-нің жетекшісі Татьяна Кононова: «Көбінесе сырттан келетін кейбір тамақ өнімдерінің сапасыздығы қынжылтады. Көтерме сау­дамен айналысатын нүктелердегі тамақ өнімдеріне мұқият болған жөн. Әрине, оларды да түсіну керек. Дегенмен, халық тұтынатын азық-түлік өнімдеріне қатаң қадағалау қажет. Мәселен, Мәскеу қаласында осы бақылау шарасы тиімді жолға қойылған. Ол жерде тамақ өнімдерін сататын сауда нүктелері айтылған ескертпелерді іске асырмаса, қатаң шара қолдануға дейін барады. Мүмкін, бізге осындай талаптар қажет шығар» деп, өз ойын бір тиянақтады. Сондай-ақ, «дөңгелек үстел» басындағы кездесуде елорданың сату нысандарында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тауарларға қойы­латын талаптар мен тиісті заңнамаға сәйкес келмейтін тамақ өнімдерін сату фактілері төңірегінде де сөз болды.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button