Жаңалықтар

Астанада тамыз айының алғашқы аптасында құбылмалы ауа райы күтілуде

Көзді ашып-жұмғанша тамыз да табалдырығымыздан аттады. Тамылжыған ауа райы бұл айда да арқасын көрсетпейтін сияқты.

уц62пц6у2п

«Қазгидромет» орталығының инженер-синоптигі Айгүл Мыңжанованың айтуынша, алдағы уақытта Астанада құбылмалы ауа райы күтілуде. Тіпті, мөлшерден тыс жауын-шашын түсуі мүмкін.

Айдың алғашқы аптасында аспан қабағы көп ашылмайды. Ауа температурасы +25 градусқа дейін көтерілгенмен, жаңбыр жиі жауады. Ал алғашқы декада аяқталарда күн күрт суытады. Найзағай ойнап, нөсер төгуі ықтимал. Айдың орта тұсында температура шамамен +24 градустың маңайында тұрақтайды.

Бұл уақытты халқымыз «Таразының тууы» деп атаған. Таразы туса, таң салқындайды. Дәл осы кезден бастап қоңыр күздің нышандары байқалады. Тамыздың соңы қайтадан жаңбырлы күндерге ұласады деп күтілуде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button