Мәдениет

«Таң самалымен» тербетті

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында көрнекті композитор, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, Қазақстанның Еңбек Ері Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығына орай Қазақстан Композиторлар одағының ұйымдастыруымен «Таң самалы» атты концерті өтті.

[smartslider3 slider=3056]

Аталмыш театрдың симфониялық оркестрінің (бас дирижёрі – мәдениет саласының үздігі Ерлан Бейсембаев) сүйемелдеуімен өткен концерт шымылдығы композитор туралы бейнероликтен бастау алып, «Дайрабай» туындысының орындалуымен жалғасын тапты.

Базарбай Жұманиязовтың, Тілес Қажығалиевтің, Ақтоты Райымқұлованың, Ерұлан Қанапьяновтың, Сейдолла Бәйтерековтің, Балнұр Қыдырбектің, Айсұлу Танидың туындылары орындалды. Серікжан Әбдінұровтың «Бозоқ аруы» Әсел Ерғалинаның орындауында ұсынылды. Қаңтар оқиғасына байланыс­ты жазылған Хабибулла Сейтековтің «Хрусталь әлем» атты туындысы кештің премьерасы болды.

Еркеғали Рахмадиевтің 2013 жылы ЭКСПО-ға арнап жазылған «Жаса, ­Қазақстан» әні Азамат Жылтыркөзов­тің орындауында кеш соңында аса бір қошеметке ие болды.

Гүлім КӨПБАЕВА,

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студент

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button