Мәдениет

Таң самалындай әуендер

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның үрлемелі оркестрі мен орындаушылары Орталық саябақтағы амфитеатр сахнасында «Астанамның таң самалы» атты концерт өткізді.

[smartslider3 slider=3470]

Кеште қазақстандық және шетелдік композиторлардың танымал шығармалары орындалды. Атап айтқанда, Ескендір Хасанғалиевтің «Алғашқы танго» мен «Бозторғайым», Әбдірахман Асылбековтің «Қазақ елі осындай!», Мәди Сыздықовтың «Атамекен»,  Хабибулла Сетековтің «Сәуле ғұмыр», Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен попурри әуеледі.

Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Светлана Айтбаева, Сүндет Байғожин, Арайлым Рахымқызы, Алтынай Жора­баева, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Нұрбол Балапанов пен Алтынбек Әбілда, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Талғат Аллабиринов, Алтынбек Арыстанбек, Әкімхан Мәженов, Айдын Жұмабай, Әйгерім Ораз, Ақбота Құснадин және т.б. өнер көрсетті. Әнел Ісләмованың жетекшілігімен «ALEM» эстрадалық би ансамблі де қатысты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button