#Жаңа Қазақстан

Таңдау өз қолымызда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған референдум өткізу туралы ұсынысы – ел азаматтарының шешім, ұстаным, ой-пікірлерімен санасудың нағыз шынайы, анық көрінісі.

[smartslider3 slider=2932]

 

Жалпы мұндай үрдіс, яғни Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу әлемдік тәжірибеде бар. Мәселен, Швейцарияда ел азаматтары әр тоқсан сайын аймақтық және ұлттық деңгейдегі түрлі мәселелер бойынша референдум ұйымдастырады. Олардың қатарында елдік маңызы бар, халық үшін пайдасын тигізер сан сауал қамтылады. Бұған қоса, жергілікті тұрғындар заңға, Конституцияға қатысты түзетулерге де тікелей араласа алады.

Бір сөзбен айтқанда, Мемлекет басшысы айтқандай, конституциялық реформа жасау керек. Аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарын сайлаудың мажоритарлық жүйесінің толықтай енгізілуі өңірлердің тыныс-тіршілігіне азаматтардың ықпал ету мүмкіндігін арттыруға жол ашады. Әлемдік демократия үрдісі бойынша елімізде жүзеге асатын осынау маңызды бастама – мемлекет пен қоғамның байланысын жақындата түсетін үлкен мүмкіндік. Жолдауда айтылған бастамалардың негізгі мақсаты – саяси жүйемізді түбірімен өзгерту. Бұл халықтың көп жылғы талап-тілегінен туындап отыр.

Баян АХМЕТЖАНОВА,

«Ардагер» қоғамдық

бірлестігінің президенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button