Жаңалықтар

ТАҢДАУДАН ТУҒАН ТАРИХ

тарихи таңдау жасампаздық 222

ҚР Тұңғыш Президенті музейінде «Тарихи таңдау. Жасампаздық» атты тақырыптық қор көрмесі ашылды.

Тәуелсіз Қазақстанның не­­гізін қалыптастырған уа­қиғаларды кең ауқымда көр­­сетуді мақсат еткен экс­по­зицияға хронология бойын­ша әр жылдың тарихынан сыр шер­тер бірегей мұрағат құжаттары қойылды. Олар Қазақстанның даму жолындағы Елбасының басты қадамдарына назар са­луға мүм­кіндік береді.

Сондай-ақ, көрмеде 1984 жылы шыққан Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның шымыр келбеті» атты ал­ғаш­қы кітабының көшірме қол­жазбасы, ҚР Президентінің өңіріне тағатын белгісі, ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Алтын қыран» ор­дені, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубә­кі­ровтің қолғабы, 1994 жылы Талғат Мұсабаев ғарыш­та­ғы сапарына алып барған Бай­қоңырдың бір уыс то­пы­рағы салынған капсула сияқты құнды жәдігерлер де көрініс тапты.

1991 жылдың 1 желтоқ­са­нында жасалған тарихи таң­даудың дұрыс­тығын паш ететін аталмыш көрме 2015 жылдың 30 қаңтарына дейін жалғасады.

 

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button