Басты ақпаратҚала тіршілігі

ТӘНТІ ҚЫЛFАН ТАМАША СӘТ

[wppa type=»slideonly» album=»17″ size=»590″][/wppa]

Әр жылда жаңа жылды асыға күтетін балақайлар үшін биылғы Президент шыршасы шынымен де ғажайыпқа толы болды.

Былтыр Елбасының құттық­тауымен алып шыршаның шы­рағын жағып, шырайын келтіруге 150 бүлдіршін қатысса, биылғы театрландырылған тамаша шоуды қызықтауға 9-13 жас аралығындағы екі жүз бала жиналған. Олардың жүз он жетісі – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар. Елу үші – көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары мен оқу озаттары. Әртүрлі игі бастамаларымен танылып жүрген дарынды оқушылар Аяз ата мен Ақшақардың мейіріміне, Алдар Көсенің қызықты ойындарына,  Қарашаш, Жезтырнақ, Күнекей және басқа да ертегі кейіпкерлері қатысатын қойылымдарға тәнті болып, өздерінің де өнер­лерін тасада қалдырмады. Оқу­шылар сарайының әнші-биші бүл­дір­шін­дерінің өнерлері барша дос­та­рының көңілінен шыққандай-ақ. Ғажайыпқа толы жаңажылдық мерекені Жастар театры әр­тіс­терінің «Ақ құс туралы аңыз» қо­йылымымен,  Елбасының  арнау­лы сыйлықтарын табыстаумен қорытындылады.

Нұргүл Мәлтік

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button