Елорда тынысы
Танымал әнші Jony-ге көшет сыйланды
Елордалық әуежайда танымал әндердің авторы, әрі орындаушы Jony-ге көшет сыйға тартылды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz
Сол күні Jony бұл ағашты қаланың ботаникалық бағына отырғызды.
Jony осындай ерекше әрі мағыналы сыйлық үшін ризашылығын білдіріп, оның табиғатты және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобаларға қатысуы ерекше маңызды екенін атап өтті.
Боз арша көшеті ботаникалық баққа отырғызылды.
Елордада “Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі” ауқымды экоакция жалғасып жатыр. Ауқымды экоакция шеңберінде жасыл екпелерді отырғызу, қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды және т.б. жинау жұмыстары жүргізілуде.