Ел тынысы

Танымал спортшылар экоакцияны қолдады

Республика мен әлемге танымал спортшылар Астанадағы экоакцияны қолдады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акция жалғасуда. Экологиялық іс-шараны Қазақстанның ғана емес, шетелден келген спортшылар да қолдады.

Астанаға дзюдодан халықаралық жарысқа Венесуэладан келген Vanessa Chalg спортшысы экоакцияны керемет идея деп санайды.

«Туған өлкенің тазалығын сақтауға қатысу – әрбір азаматтың міндеті. Астанаға жарысқа келген кезде бізге осы жерде өткізіліп жатқан экологиялық акция туралы айтылды. Менің ойымша, бұл керемет идея. Венесуэла спортшылары да осындай экоакцияларға жиі қатысады және біздің қалаларымыздың тазалығына үлес қосады», – деді ол.

Экологиялық акцияны Дзюдодан Қазақстан чемпионы, Еуропа Кубогының жүлдегері Екатерина Токарева да қолдады.

«Таза қала – әрқайсымыздың еңбегіміз. Себебі қаладағы тәртіп пен тазалық көбінесе қала тұрғындарының мәдениеті мен мінез-құлқына байланысты. Біз бәріміз әдемі және таза қалада өмір сүргенді ұнатамыз, бірақ оны осылай жасау үшін әрқайсымыз тазалық пен тәртіптің қарапайым ережелерін сақтауымыз керек. Мен спортшы ретінде әртүрлі экологиялық акцияларды қолдаймын, Қазақстанда тазалықты сақтауға және қоршаған табиғатты ластамауға тырысу өте жақсы», – деп атап өтті спортшы.

Естеріңізге сала кетейік, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық канализациясы, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарлар орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмыстары жүргізілуде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button