Басты ақпаратМәдениет

Танымал туынды желісімен

Ақпан айының ортасында Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры көрнекті жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің шығармасы желісімен «Гауһартас» музыкалық драмасының премьерасын ұсынады.

Дулат Исабеков 1967 жылы Мәскеудің түбінде әскерге жүргенде радиодан Бибігүл Төлегенованың орындауында халық әні «Гауһартасты» естіп, елге деген сағыныштан осы шығарманы жазды. Повесть осыдан тура 55 жыл бұрын жарық көрді. Ал 1975 жылы кинорежиссер Шәріп Бейсенбаев көркем фильм түсірді. Бұл кинотуындыда Кәукен Кенжетаев, Әмина Өмірзақова, Бәйтен Омаров, Кененбай Қожабеков, Досхан Жолжақсынов, тұйық Тастан бейнесінде Әнуар Боранбаев сынды белгілі әртістер кейіпкерлерді сомдады. Фильмдегі әндерді әнші Сәжида Ахметова орындады. Салтанат келіннің бейнесі Жанна Қуанышеваның жұлдызын жандырды. Қазақ кино өнерінің алтын қорына енген аталмыш фильм, міне, елу жылға жуық уақыт жүректерді тербеп келеді.

Ал премьерасы өткелі жатқан музыкалық драманың қоюшы режиссері, сахналық нұсқаның авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. Кейіпкерлерді актерлердің бірнеше құрамы сомдайды. Соның ішінде Қайыркен бейнесін белгілі актер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Асылхан Төлепов ойнайды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button