ЖаңалықтарСаясат

Тапсырма – қатаң бақылауда

Кеше Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен 21 қазанда Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөнінде Үкімет кеңесі өтті.

[smartslider3 slider=397]

Іс-шараға төраға орынбасары – ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Парламентінің депутаттары, министрлік басшылары, жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.
Премьер-министрдің орынбасары халық тығыз орналасқан өңірлерден елдің жұмыс күші тапшы өңірлеріне азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуын ынталандыру шараларын күшейту, ұлттық тілде оқытатын мектептерде билингвалды оқыту моделін енгізу, мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін арттыру, аналар кеңестерінің қызметін дамыту, жинақы тұратын этнос­тардың Қазақстан қоғамына одан әрі интеграциялануы, этнос­аралық негізде жанжалдардың алдын алу және т. б. бойынша нақты тапсырмалар берді.
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясының патриоттық ұйым ретіндегі анықтамасын бірінші рет жария еткеніне және осы идеяны ілгерілету бойынша нақты тапсырмалар берілгеніне ерекше назар аударылды.
Е.Тоғжанов өңірлер әкімдіктерінің этносаралық қатынас­тарды нығайту саласындағы қызметін жандандыруды, этностық немесе тілдік негізде азаматтардың құқықтарының бұзылуының әрбір жағдайы бойынша халықпен нақты профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысында берген тапсырмалары Үкіметтің қатаң бақылауына алынды және тапсырмалардың жеке хаттамасы аясында іске асырылатын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button