Жаңалықтар

Тарауықтан шыққандарды тасиды

Бүгін барша мұсылман үшін ең қасиетті ай – ­Рамазан айы басталды. Елорда әкімдігі 2 сәуірден 1 мамырға дейін қаладағы ірі мешіттерден бірнеше бағытта түнгі автобустар қатынасын қамтамасыз етуді қолға алды. Яғни мешіттерде тарауық намазы аяқталғаннан кейін қаланың әртүрлі аудандарына жолаушыларды тегін ­тасымалдайтын автобустар күтіп тұрады.

[smartslider3 slider=2565]

«Әзірет Сұлтан» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

– «Спутник» супермаркеті;

– Темір жол вокзалы;

– «Көктал-1, 2» тұрғын алабы.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

– «Көктал-1, 2» тұрғын алабы;

– Темір жол вокзалы;

– Медициналық колледж.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

– «Көктал-1, 2» тұрғын алабы;

– «Кирпичный» тұрғын алабы.

«Ырыскелді қажы» мешітінен жүретін бағдардың бағыты:

– «Ильинка» тұрғын алабы.

«Рақымқызы Райса ана» мешітінен жүретін бағдардың бағыты:

– «Рахмет» сауда орталығы.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button