Мәдениет

Тараз суретшілерінің тартуы

Ұлттық музейде «Қазақстан халқына сүйіспеншілікпен – әлем ғажайып бояуда» атты Жамбыл облысынан шыққан қылқалам шеберлерінің көрмесі ашылды. Осы көрме өткен жылы Тараз қаласында басталып, одан кейін Қазақстан тәуелсіздігі мен ТМД құрылуының 30 жылдықтары, жыр алыбы – Жамбылдың 175 жылдығы аясында Санкт-Петербургтің Мемлекеттік музейінде көрсетілді. Енді елордаға да жетті. 

[smartslider3 slider=2236]

Көрменің ашылуында Ұлттық музейдің ғылыми хатшысы Саялбек Ғиззатов, белгілі мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сембіғали Смағұлов көрмедегі акварель техникасымен салынған туындыларға тоқталды. Тараз қаласы Суретшілер одағының атынан Ұлттық музей ұжымына Алғыс хат тапсырылды.

Көрмеде Елена Панина, Қазым Аманқосов, Владимир Худяков, Сергей Андрияка, Елена Базанова сынды қылқалам шеберлерінің әртүрлі бағыттар мен ағымдардағы классикалық және заманауи туындылары ұсынылды. Суретшілер картиналарында қазақ халқының салт-дәстүрлерін, тұрмысын кестелеген.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button