Тарих пәнінің мұғалімі оқушы қыздарға қырындаған
Астанада тарих пәнінің 43 жастағы мұғалімі оқушы қыздарға қырындаған, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/
Ол қазір жұмыстан қуылды.
Небары 28 күн жұмыс істеген мұғалімнің үстінен қазір қылмыстық іс қозғалды.
Астананың №32 гимназиясында 43 жастағы тарих пәнінің мұғалімі 7-сынып оқушыларына қырындап, кешкі сағат 21:00-ден кейін WhatsApp-та сезімдерін білдіріп хат жазған. Бұл оқиғаны оқушылардың ата-аналары әшкере қылған.
Ол мектепте 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап жұмыс істеген. Тарих пәнінің мұғалімі сынақ мерзімінде болған.
Тәртіптік комиссияның шешімі бойынша педагог 30 қыркүйекте ҚР Еңбек кодексінің 14-тармағы 52-ші бабы аясында жұмыстан босатылған.
«Бүгінгі таңда қалалық полиция департаменті осы факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге ақпарат жария етілмейді»,- деп хабарлады Астана қаласы білім басқармасы.
Сурет: istockphoto.com