#Жаңа Қазақстан

Тарихи бетбұрыс басталды

Қазақстан өмірінде тарихи бетбұрыс басталды. Президент Қ.Тоқаев сендіргендей, Қазақстанның өмірі енді бұрынғыдай болмайды. 2022 жылғы 11 қаңтарда Парламентте сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы бірқатар негізгі реформаларды жариялады, басқалары алда айтылатын халыққа Жолдауында атап өтілетін болады. Еліміздің саяси бағыты азаматтарымыздың әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Біз, республика тұрғындары, осы қиын сағатта сырттан бақылаушы болып қала алмаймыз. Біздің әрқайсымыздың ҚР Конституциясы бойынша құқығымыз ғана емес, міндеттеріміз де бар. Қиын сағатта біз одан да тығыз топтасуымыз керек. Бүгінгі дағдарыстан, қазіргі ұрпақтың үлесіне тиген ауыр сынақтардың бірі – пандемиядан тек бірліктің күшімен ғана құтыла аламыз.

[smartslider3 slider=1990]

Мемлекет басшысы көптеген мемлекеттік органдар «белгі» үшін құрғақ есептер мен көрсеткіштерді ұсынғанын, енді олар нәтижеге жұмыс істеуі керек екенін әділ атап өтті. Мемлекеттік әлеуметтік саясатты жүргізетін құрылымдарға алдын ала дайындалған мәтінді оқып қана қоймай, жұмыс істей алатын, адамдармен сөйлесе алатын, ынталы мамандар келуі керек.

Бүкіл елмен бірге біз нағыз күйзелісті бастан өткердік. Тек Президенттің халыққа алғашқы үндеуінен кейін ғана біз бұл қорқыныш жақын арада аяқталады деп үміттендік. Әдеттегідей, Мемлекет басшысы күрделі дағдарыс жағдайына баға берді. Керемет күш-жігер және қаншама адам өмірінің қиылуымен қаңтардың қорқынышы аяқталды. Үндеуде айтылғандай, тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде бұл – біздің республикамызда орын алған ең қайғылы тарихи оқиға.

Қаңтар трагедиясы қанша жас адамның өмірін қиды десеңізші! Өкінішке қарай, қайтыс болғандардың арасында өрімдей жастар да бар. Әрине, олардың ата-аналары мен жақындарына көңіл айту оңай болған жоқ.

Біз бәріміз осы оқиғадан жақсы сабақ алдық, серпілдік. Жас қазақстандықтар үшін де жекелеген перспективалар пайда болды. Республикада сұранысқа ие техникалық кадрларды кәсіптік даярлау жүргізілетін болады.

Қ.Тоқаевтың Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзі, жаңа министрлер кабинетінің бекітілуі, әлеуметтік басымдықтар, оның ішінде қоғамдық-әлеуметтік қордың құрылуы қарапайым қазақстандықтарға ертеңгі күнге деген сенімділік береді.

Күшіміз – бірлікте. Бүгіннің осынау ұраны барша қазақстандықтардың аузында. Үкіметтің жаңартылған құрамының жұмысы әр адамның өмір сапасына оң әсер етеді деп үміттенеміз.

Барша отандастар, соның ішінде жастар, қайғылы оқиғалардың ащы сабағынан өзімізге қажетті қорытынды шығара отырып, жаңа, қуатты, егемен Қазақстанды бірге құруға тырысамыз! Біз бір-бірімізді тыңдап, әрқайсымыздың пікірімізге құлақ асып үйренейік. Өзгеретін уақыт жетті.

Раиса АГИБАЕВА,

Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button