Руханият

Тарихи тұлғаларды таныстырды

Осыдан екі-үш ай бұрын елордадағы қырғыз халқының этномәдени орталығының жетекшісі Шавкат ­Исмаилов Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына астана көшелеріне аты берілген тарихи тұлғаларды халыққа таныстыру, әлеуметтік желілер арқылы насихаттау туралы ұсыныс айтқан еді. Осылайша Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Егеменді еліміздің 30 танымал тұлғалары» атты жастар жобасы басталды.

[smartslider3 slider=1368]

Жоба аясында Қаныш Сәтбаев, Бауыржан Момышұлы, Әлихан Бөкейхан, Дінмұхамед Қонаев, Абылайхан, Кенесары, Қажымұқан, басқа да көрнекті 30 тарихи тұлға таңдап алынды. Қала даңғылдары мен көшелері жайлы бейнематериал­дар түсіріліп, аптасына үш рет әлеу­меттік желі парақшаларында жарияланды. Жобаға жалпы 347 азамат атсалысты.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button