Sport

Тарихи жеңіс

Футболдан Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы жанкүйерлерді тағы бір жеңісімен қуантты. 13 маусым күні «Астана Арена» стадионына жиналған 28000 көрер­меннің алдында Словакия құрамасын 2:1 есебімен жеңді. Осы жеңіс­тен кейін Магомед Адиевтің шәкірттері С лигасындағы 3-топта 10 ұпаймен көш бастап тұр

[smartslider3 slider=3233]

Бұған дейін қазақстандықтар өз тобында 7 ұпаймен көш бастап келе жатқанымен, екінші орындағы словакиялықтар негізгі фаворит еді. Өз алаңында Қазақстанға 0:1 есебімен есе жіберіп қойған словакиялықтардың қалайда қарымта қайтаруға келгені айдан анық.

Бірінші таймда 18-минутта оң қапталдағы Михаил Габышевтан пас алған Ян Вороговский есеп ашты. 39-минутта тағы да оң қапталдан А.Тағыберген берген допты Елхан Астанов қарсылас­тың қақпасына баспен соғып енгізді. Бұл – оның ұлттық құрама сапындағы алғашқы голы.

Екінші таймның басында, атап айт­қанда, 51-минутта словак футболшысы Матуш Беро Қазақстан қақпасына гол салды. Оның командаласы Юрай Куцка да ойынның аяғына таман Қазақстан қақпасына екінші доп салған еді, бірақ видеоны қайталап көрсететін VAR жүйесі Словакия ойыншылары ереже бұзғанын анықтағаннан кейін, екінші гол есептелмеді.

Ойынның аяғына қарай қонақтар сабырсыздық көрсете бастады, 87-минутта дөрекі ойнаған словакиялық Ондрей Дуда алаңнан қуылды. Осылайша, қарсыласын 2:1 есебімен жеңген Қазақстан құрамасы ұпай санын 10-ға жеткізді.

Ұлттар лигасының биылғы ойын мау­сымында Қазақстан құрамасы қазірге дейін төрт ойын өткізіп, оның екеуінде Словакияны жеңді. Әзербайжан командасымен бір рет кездесіп, 2:0 есебімен басым түсті. Беларусь құрамасымен тең ойнады, есеп 1:1.

Қазақстан құрамасы енді 22 қыркүйекте Беларусь жігіттерімен, ал 25 қыркүйекте Әзербайжан құрамасымен кездеседі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button