Тарихтан тағылым тартқан

Ұлттық музейде «Тарихи тұлғалар» жобасы аясында Қазақстанның халық жазушысы, ғалым Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына орай «Тарихтан тағылым тартқан» атты музейлік дәріс оқылды.
Ғұлама жазушы М.Мағауиннің қалдырған тарихи мұраларын талдап, түсініп, ұрпақ жадына сіңіру және ғибратты ғұмырын кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен дәріске «Túrkistan» газетінің бас редакторының орынбасары Тоқтарәлі Таңжарық, «ALQA» әдеби-мәдени клубының жетекшісі Жанар Таңсық, М.Жұмабаев атындағы халықаралық колледждің студенттері мен №87 мектеп-гимназияның оқушылары қатысты.
Сондай-ақ дәріс барысында жазушының тарихи мұралары талданып, оның еңбектері мен тарихи роман жанрына қосқан үлесі айтылды. Қатысушыларға Мұхтар Мағауиннің өмірі мен қызметі туралы бейнесюжет көрсетілді. Ал іс-шара соңында дәріскерлер жастарға өз тілегін айтып, марапаттар тапсырды.
Аманғали ҚАЛЖАНОВ