Қала тіршілігіҚұқық

Тәртіп бұзғандар анықталды

Байқоңыр ауданы әкімінің тапсырмасымен аудандық полиция басқармасының қызметкерлері сауда нысандарында алкогольді ішімдіктерді сағат 21:00-ден 12:00-ге дейін және градусы төмендеу ішімдіктердің 23:00-ден 08:00-ге дейінгі уақытта саудалауға қатысты профилактикалық шара жүргізіп жатыр. Осындай заң бұзушылықтар анықталған дүкен иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Профилактикалық шара барысында алкогольді ішімдік сатуға тиісті рұқсат лицензиясы жоқ бірнеше сауда орындары анықталды. Қазіргі таңда бұл дүкендерде ішімдік саудасы мүлде тоқтатылған.

Спирттік ішімдіктерді саудалау ережесін бұзу жөнінде мәліметке ие болсаңыз, 102 телефон нөміріне немесе учаскелік инспекторға хабарлауларыңызға болатынын еске саламыз.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button