Шаһар шежіресі

Тас қалаушылар

Қай кезде де тас қалаушы құрметті мамандық саналған.

Кешегі кеңес заманында да небір зәулім үйлердің қабырғасын әп сәтте қыздың жиған жүгіндей түп-түзу, теп-тегіс қылып өріп шығатын кірпіш қалаушыларға сұраныстың зор болғанын байқаймыз.

Тіпті олардың қатарын нәзік жанды арулардың да толықтырып жататыны содан болса керек. Әсіресе Тың өлкесіндегі Целиноград қаласында тас қалаушы мамандығын меңгерген қыз-келіншектер аз болмады. Олардың қолымен тұрғызылған тұрғын үйлер қаланың сәніне сән қосып, көптеген жанның баспаналы болуына септігін тигізіп жатты.

Бұл – 1983 жылғы сурет. Тас қалаушылар Лариса Семенкова, Александр Клименко және Тимур Картанов ғимараттың қабырғасын көтеруде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button