Басты ақпарат

Ташкент хокимімен кездесті

Нұр-Сұлтан және Ташкент қалаларының басшылары кездесіп, ынтымақтастық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті.

[smartslider3 slider=1247]

«2021 жылдың 10 айында елордамыздың экономикасына 900 млрд теңгеге жуық жеке инвестиция тартылды. Қалаға және қала тұрғындары үшін маңызды бірлескен жобаларды іске асыру инвестициялық кеңестерді, шетелдік әріптестерімізбен, шетелдік компаниялардың өкілдерімен және тағы басқалармен кездесулерді өткізуге, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бүгін Ташкенттің хокимі Жахонгир Артикходжаевпен Жол картасына қол қойып, білім, құрылыс, мәдениет, спорт салаларындағы ынтымақтастық пен жобаларды іске асыру мәселелерін талқыладық. Жаңа жобаларымыздың бірі – керамикалық плиталар зауыты. Құрылыстың өсу қарқынын ескере отырып, бұл жоба бұрынғыдан да өзекті» деп мәлімдеді Алтай Көлгінов.

Қала әкімі Қазақстан және Өзбекстан мемлекет басшылары сауда-экономикалық ынтымақтас­тықты арттыруға, инвестициялық өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруа­шылығы, машина жасау, көлік және логистика салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударып отырғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, кездесуде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу мәселелері талқыланды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button