Басты ақпаратҚоғам

Ташкентте шығатын қазақ газеті

Ташкентте шығатын қазақ тілді «Нұрлы жол» газетінің жарыққа шыға бастағанына 33 жыл толды.

Көрші елдегі қандастарымыз үшін үзбей ақпарат таратып келе жатқан респуб­ликалық басылым Өзбекстан Олий мәжілісі мен Үкіметінің қолдауымен шығады. Саяси-әлеуметтік мәселелерден бастап ауыл азаматтарының өмірі жайлы да мақалалар үздіксіз беріліп отыратын газет аптасына екі рет 5 мың таралыммен жарық көреді.

«Достық туы» деген атаумен 1991 жылдың 10 қаңтарында жарық көрген газеттің алғашқы бірнеше саны Шымкенттегі баспаханада басылған. Арада екі жыл өткенде атауы «Нұрлы жол» деп өзгерген басылым, негізінен, елдің саяси өмірін, әлеуметтің жайын, Өзбекстандағы қазақ диаспорасының тыныс-тіршілігін назарда ұстайды.

«Қазақстанмен байланысымыз жақсы. «Отандастар» қоры бойынша көп материал шығады. «Егемен Қазақстан», «Астана ақшамы» газеттерімен шығармашылық байланыс ұстаймыз» дейді Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған «Нұрлы жол» газетінің бас редакторы Ғұламзәкір Юсупов.

Бүгінгі таңда «Нұрлы жол» газетінде 20-ға жуық қызметкер еңбек етеді. Олардың қатарында Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқыған журналистер де бар. Газет редакциясы Ташкенттің орталығындағы Баспасөз үйінде орналасқан.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button