Елорда тынысы

Тасқынға қарсы шаралар басталады

15 қаңтардан бастап Сарыарқа ауданындағы тұрғын алаптардың арық-науа желілерін тазалау жұмысы басталады. Қардан, мұздан және тұрмыс қоқыстарынан тазарту бүкіл жүйе бойынша жүргізіледі.

Су деңгейінің көтерілуіне қарсы ­іс-шаралар басталғанға дейін аудандық аппарат қызметкерлері су көтерілуі ықтимал аймақтарда көшпелі кездесу өткізді. Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Айвар Зейнуллиннің, «Elorda Eco ­System» ұйымының бас директоры Тимур Шодановтың, аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерінің аралауы барысында су тасқыны кезеңінде жеке сектордың су басу қаупін азайтуға көмектесетін бірқатар тапсырма берілді.

Ауданның 35 көшесінде 16 мың п. м. арық-науа жүйесі салынған. Мұндай жүйе жерасты, еріген және жаңбыр суын өткізу үшін қажет. Өткен жылы Сарыарқа ауданындағы тұрғын алаптардың су басуын болдырмау үшін 2000 п. м. астам су өткізу құбыры жабдықталып, 50 жаңбыр қабылдайтын және 7 дренаждық құдық орнатылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button