Жаңалықтар

Тасымал жолы кесілді

Нұр-Сұлтан және Алматыда Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, арнайы операция жүргізді.

[smartslider3 slider=1621]

Агенттік мәліметінше, есірткі заттары халықаралық арналар арқылы жақын шетелдерден халық тұтынатын әртүрлі тауарлар түрінде жеткізілді.

Шағын мөлшерде өлшеп оралған есірткі заттары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының саябақтары, мектептері, аурухана, мектепке дейінгі мекемелер аумағында таратылған. Сату аноним Telegram-арналар арқылы жүргізілді, төлем Qiwi-кошелек электронды төлемдер арқылы қабылданды. Негізгі сатып алушылар – Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары.

«Есірткі сатушылар үй жануарларына арналған азық түрінде оралған кезекті халықаралық тауарды алу кезінде ұсталды. Ұсталғандардың тұратын жерлерін тінту кезінде синтетикалық есірткі заты – мефедрон, марихуана, буып-түю материалдары, таразы табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 7 килограмнан астам марихуана мен мефедронды құрады».

ҚР ҚК-ның 286-бабы 2-бөлігі және 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Есірткі сақтағаны және сатқаны үшін бес қылмыскер ұсталды. Ұсталғандар тергеу изоляторына 2 ай мерзімге қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button