Татар мәдениетінің жарқын өкілі
Целиноградта 1980 жылы маусымда Татар АССР-ның халық әртісі, Ғ.Тоқай атындағы Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, татар сахнасында аты аңызға айналған Ильгам Шакиров бастап келген «Еділ» ән ансамблінің концерті табысты өтті.
Татар мәдениетінің ең жарқын өкілі бүкіл өмірін ұлттық музыка өнерін насихаттауға арнаған. Мол репертуарымен, ерекше вокалдық және орындаушылық стилімен И.Шакиров дүние жүзіне танымал болған, татар, қазақ, әзербайжан, түрік, өзбек, т. б. түркі тілдерінде ән салған ол Татарстан Республикасында және одан тыс жерлерде музыкалық білімнің дамуына әсер етті. Ильгам Шакировтің Мәскеуде 1974 жылы берген концертінде залда отырған Мстислав Ростроповичтің концерттен кейін сахна сыртына келіп жүрегін елжіреткен «Қара урман» әні үшін зор алғысын білдіреді. Ильгам Шакиров 20 жыл бойы Татар мемлекеттік филармониясының көркемдік жетекшісі қызметін атқарды, ұзақ жылдар оның жетекші солисі және вокалисі болды. Ол – өнер саласындағы ең жоғары «Алтын Аполлон» сыйлығының иегері. 1986 жылы «Халықтар достығы» орденімен марапатталған, 2005 жылы өз елінің ең жоғары наградасы – «Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденімен бірінші болып марапатталған.