Мәдениет

Тәттімбет байқауында топ жарды

Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы қазақ халық аспаптарында орындаушылардың VIII республикалық байқауында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік бірлестігінің әртісі, жас күйші Ардақ Елеусіз бас жүлдені иеленді.

[smartslider3 slider=740]

Дарынды күйші Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі. Осы оқу орнында Еділ Басығараевтың шеберханасын бітірді. Төкпе күйді шебер орындайтын өнерпаз Қазанғап мектебін жақсы меңгерген. Осыған дейін көптеген байқауларға қатысты. Соның ішінде 2017 жылы Халықаралық телевизиялық «Мен қазақпын» атты халықаралық телевизиялық мегажобасында бас жүлдені алып, «Үздік күйші» аталымында топ жарды.

Ал шертпе күйді университеттегі ұстазы, шертпе күй шебері Жанғали Жүзбайдан үйренді. Арқаның күйшілік мектебінен Тәттімбет бабадан бастап, Қыздарбек Төребайұлы, Аққыз Ахметқызы, Мағауия Хамзин, Әбікен Хасенов сынды күй алыптарының күйлері репертуарында бар. Ардақ Тәттімбет байқауында міндеттелген 6 күйді және еркін тақырыпта 2 күй орындады. Екі кезеңге бөлінген күй тартысында көрнекті күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ермұрат Үсенов бастаған қазылар алқасы оны жеңімпаз деп тапты.

Қазір Ардақ Елеусіз ­Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік бірлестігінің «Астана сазы» фольклорлық ансамбльдің мүшесі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button