Тәуелсіздікке 30 жыл

Тәуелсіздігіміздің айғағы – елорда

Қазақ елінің Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Біз сол 1992 жылы мектеп бітірсек, 1997 жылы институт қабырғасында елмен бірге өсіп-өніп азамат болдық.

[smartslider3 slider=1486]

Біз институт бітіріп, 2000 жылы қолымызға диплом алған тұста, елдің азаматы ретінде, жаңадан көтерілген елордамыз Астанаға өз үлесімізді қосуға келдік.

Әрине, тәуелсіздігіміздің айғағы – елордамыздың алар орны ерекше. Көз алдымызда елордамыз қандай көркейіп, өскен болса, біз де осы тәуелсіз елмен бірге азамат болып қалыптастық. Елдің тыныштығы мен дамуы, әрбір жеткен жетістігі елордамызбен тығыз байланысты.

Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Ғұмырлы болсын! Елдің тыныштығы бұзылмай, әлем алдында мемлекетіміздің беделі арта берсін!

Досымжан ТАҢАТАРОВ,

«Жастар» театры

директорының

орынбасары

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button