Басты ақпарат

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰМАРЫ

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер мерекесі. Елдік нышандарымыздың заңмен бекітілгеніне 20 жыл толуына орай, елордада жастар патриоттық акциясы өтті.

Акцияны ұйымдастырушы Астана қаласы Жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының өкілдері мерекелік шараны таң атысымен бастады. Алдымен қаладағы барлық қоғамдық көліктердің қызметкерлеріне Елтаңба мен Ту бейнеленген жейделер, бас киімдер таратылды. Көліктердің маңдайшасына көк байрағымыз ілінді.

Соңынан 2 мыңға жуық елордалық Конгресс-Холл сарайындағы акцияға қатысты.

«Акция жастардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттырады, ерлік пен отансүйгіштікке баулиды». Шараның басы қасында жүрген қор өкілдерінің пікірі осындай.

Жапондықтар әрбір таңын әнұранын айтудан, әрбір жаңа жұмысын ел байрағын биікке көтеруден бастайды деген әңгіме бар. Бұл күншығыс елінің мемлекеттік рәміздерге деген құрметін білдірсе керек. Ал, түрік бауырларымызда қадам сайын қызыл жалауын желбіретіп іліп қоятын ұлттық ұстанымдары бар екенін білеміз.

Жасыратыны жоқ, бұл тұрғыдан келгенде үйренетін үрдістеріміз әлі де көп. Тәуелсіздігіміздің тұмары саналатын төл белгілерімізге деген құрмет мұндай мерекелік шаралармен ғана өлшенбесе керек. Тек, жиынға қатысқан әрбір жас мемлекеттік нышандарымызды әрдайым қастерлеп, мақтаныш тұтуымыз керектігін ұғынып шықса болғаны.

 Шынар ДОСАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button