Тәуелсіздікке 30 жыл

Тәуелсіздік – ең басты құндылық

Міне, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы келіп жетті. Осы отыз жылдың ішінде біздің мемлекетіміз дүние жүзі мойындаған өзінің егеменді-­экономикалық жүйесі бар, өзінің барлық әлеуметтік міндеттемелеріне жауап бере алатын тізгінді мемлекет деңгейіне жетті.

[smartslider3 slider=1491]

Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі экономикалық әлеуеті өте жоғары елдермен терезесі тең дәрежедегі мемлекет болып тұр. Сондықтан барша қазақстандықтарды осы біздің мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Қазір біз өзімізден кейінгі ұрпаққа тәуелсіздіктің ең басты құндылық екенін дәлелдеп беруіміз керек. Ал оны дәлелдеудің бір ғана формуласы – осы отыз жылдың ішінде Қазақстан қандай әлеуметтік-экономикалық, рухани жетістіктерге жетті соны жан-жақты ашып, соның философиясын нығарлап,  келесі ұрпаққа беріп отыру.

Сондықтан еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, мемлекетіміз нығайып, Қазақстан тек қана алға жылжи берсін!

Ерлан САЙЫРОВ,

ҚР Парламенті

Мәжілісінің депутаты

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button