Мәдениет

Тәуелсіздік кубогы

Елордада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бильярдтан ардагерлер арасында халықаралық «Тәуелсіздік кубогі» атты турнир өтті. 

[smartslider3 slider=1509]

Турнирге 23 командадан құралған 200-ге жуық бильярдшы қатысты. Жарыста Ресей Федерациясының Омск қаласы мен Қазақстан өңірлерінен, атап айтқанда, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы, Шымкент, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Нұр-Сұлтан қалаларынан келген 10 команда бақ сынады.

– Біз өте үлкен турнир өткізіп отырмыз. Бірінші турнирде бір команда, 14 адам болса, қазір 180 адам қатысып жатыр. Оның ішінде «сен тұр, мен айтайын» деген мықтылар келді. 23 команда қатысады. 15 команда – 50-63 жас шамасындағылар. Оларды біз «Арғымақтар» дейміз. 63 жастан жоғарғылар, яғни «Тарландар» 2 командаға топтасқан. Ойын 3 күнге созылады. Керемет тартысты жарыс болайын деп тұр. Барлығы аудан, қала атынан келген. Негізгі мақсат – бұқаралық спортты, бильярдты дамыту. Біздің бастауымызбен бильярд халықтың ең бір сүйікті ойынына айналып отыр, – деді ұйымдастырушы, «Ұлы дала қырандары» халықаралық қозғалысының және «Әлем қырандары» бильярдшылар қоғамдас­тығының басшысы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button