Мәдениет

Тәуелсіздікке – «Арнау»

Мәдениет және спорт министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен және «Астана Балет» театрымен бірлесіп, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жобасы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына «Арнау» атты симфониялық музыка кешін ұсынады.

[smartslider3 slider=1320]

11 желтоқсан күні Нұр- Сұлтан қаласында, «Астана Балет» театрының сахнасында Лидс қаласындағы (Ұлыбритания) беделді ХХ халықаралық пианистер байқауының лауреаты, феноменалды қазақстандық пианист Әлім Бейсембаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді. Соңғы жылдары қазақстандықтардың өнер саласындағы әлемдік деңгейдегі жетістіктері күллі ғаламды таңғалдыруда. Әлім Бейсембаевтың жеңісі бүкіләлемдік классикалық музыка қауымы үшін тың серпін болғаны сөзсіз. Жас пианист классикалық музыкада орындаушылық биіктерге жетіп, ең беделді халықаралық байқаудың жеңімпазы атанған. Елордада өтетін бұл концерт еліміздің музыкалық өміріндегі тамаша оқиға, өйткені Әлімнің іс-шаралар кестесі әр минутына дейін нақты белгіленген.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button