Жаңалықтар

Тәулік бойы қолжетімді

Жуырда «Нұр Отан» партиясының ғимаратында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтің әлсіз топтарын қолдау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Елордадағы 20 жылдағы медициналық-әлеуметтік көмектің дамуына арналған басқосуда атқарылған іс-шараларға қорытынды жасалды.
Отырысты ашып, сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты Айгүл Нұркина елімізде әлеуметтің әлсіз топтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдас­тыру департаментінің директоры Лаура Ахметниязованың айтуынша, Қазақстанда 151 медициналық сауықтыру мекемесі бар. 2018 жылы медициналық сауықтыру шараларына 3967 млн теңге бөлу қарастырылған.
Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов ел­ордадағы дәрігерлік-әлеуметтік көмектің дамуының жаңа деңгейге көтерілгенін мысалға келтірді. «Әлеуметтік қорғау саласындағы үлкен жетістіктің бірі – бас қалада арнайы әлеуметтік қызметтерді күнделікті және тәулік бойы көрсететін субъектілер желісінің құрылуы. Біздің басқармаға қарасты мекемелердің барлығы кез келген санаттағы мүгедектерге қолжетімді» деді Ермек Сабырбекұлы.
Аталған басқосуда мейірбике­лердің жалақысын өсіру жө­нін­де де ұсыныстар айтылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button