Қала тіршілігіСұхбат

ТӘУЛІК БОЙЫ ТЫНЫМ ТАППАЙДЫ

ERA_9738

Желтоқсанның алғашқы күндерінен толассыз жауған қар мен ақтүтек боран жол қозғалысына кедергі келтіргенмен, арнайы техникалар жаппай жұмылдырылып, тазалық жұмыстары уақытылы жүргізілуде. Осы турасындағы мән-жайды Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тимур Әбижанов айтып берді.

Қаланы қардан тазарту үшін қандай жұмыстар жүргізілуде?

– Қазір елорданың коммуналдық қызметкерлері күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Қар жауған сайын көшелер тазартылып отырады. Технологиялық үдеріс бойынша қоспа төсеу, сыпыру және қар күреу, оларды сыртқа шығару сияқты жұмыстар уақытымен атқарылады. Қар тазалайтын техникалар тәулік бойы жұмыс істейді. Олар қала көшелеріндегі қарды күреп, гүлзарлар мен жолдардың жиектерін тазалап отырады. Қыс маусымы басталғалы қала бойынша 400 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Қар тазалайтын қанша техника бар?

– 822 мамандандырылған техника, 1500-ден астам жұмысшы бар. Алматы ауданы бойынша 44 мердігер күні-түні жұмыс істеуде. Есіл ауданында 22 мердігер, Сарыарқа ауданында 24 мердігер қол ұшын беруде.

– Көктайғақтан сақтану шаралары қарастырылған ба?

– Әрине. Ол үшін арнайы құм-тұз қоспаларын қолданамыз. Көктайғақ болған жағдайда осылар жол үстіне себіледі.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button