ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ТӘУЛІК БОЙЫ ТЫНЫМСЫЗ…

IMG_5323

Кеше таңертең Астанада жапалақтап қар жауды. Ал күннің күрт жылуынан еріген қардан көшелерде шалшықтар пайда болды. Міне, осы жағдайға байланысты таңертеңгі сегізден бастап қалалық коммуналдық қызметтер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге кірісті.

Қала көшелеріне таңертеңнен бастап бас-аяғы 479 техника қар жинауға шықты.Түске жақын тағы да бірнеше техника мен адам күші қосылды.

Тәулік бойғы тынымсыз жұмыстың нәтижесінде  25 569 текше метр қар жиналып, қала сыртына шығарылды.

«Астана Тазарту» ЖШС бастаған коммуналдық қызмет мамандары қала аумағынан қар шығару және шалшық суларды азайту жұмыстарын  демалыс күндері де үздіксіз жүргізеді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button