#Жаңа Қазақстан

Тауға туын орнатты

Жақында Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Қайназар ауылында ЖСДП партиясының  кандидаттары халықпен кездесу өткізді. Кездесуден бөлек «Ең биік шыңдарды еңсереміз» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Оның барысында кандидаттар, партия белсенділері және ауыл тұрғындары ауыл маңындағы тауға шығып, еліміздің көк байрағы мен ЖСДП туын орнатты. Кейін тау бөктерлеріндегі қоқысты жинап шықты. Осылайша қоршаған ортаға деген махаббатын сөзбен емес, іспен дәлелдеді. Алдағы сайлауда жеңіске жетейік деген ниетпен «Жемқорлық», «Олигархат» және «Кедейшілік» деген жазулары бар қоқыс қаптарын қоқыс жәшіктеріне тастады.

– Біз бағдарламамызда жазылған міндеттерді құр сөзбен айтып қана қоймай, іспен көрсетуді жөн көреміз. Осы мақсатта партия өкілдері қоршаған ортаны қорғау, қоқыс тастамау жөнінде іс-шаралар өткіздік, – дейді партия төрағасының орынбасары Тазабек Сәмбетбай.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы осыған қоса ұйымның кезектен тыс ХХ съезін өткізіп, ОСК-ға құжаттар тапсырды. Партиялық тізім бойынша кандидаттарға куәліктерін табыстады. Республикалық сайлауалды штабын ашып, партияның «Үгіт-насихат» пойызы Астанадан бастау алды. Кандидаттар Қарағанды облысының, Астана қаласының сайлаушыларымен кездесті. Сонымен қатар партияның аймақтық штабтары Павлодар, Орал, Алматы, Талдықорған облыстарында жұмыс істеуде.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button