Қоғам

«Таза энергетика» тақырыбында сурет байқауы басталды

Мектеп оқушылары арасында «Таза энергетика» тақырыбына арналан республикалық сурет байқауы басталды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Байқаудың мақсаты – жас ұрпаққа баламалы энергия көздері мен таза энергетиканың болашақтағы маңызын түсіндіру, экологиялық сананы қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Байқауға барлық мектеп оқушылары қатыса алады. Қатысушылар өз жұмыстарын кез келген техниканы (гуашь, акварель, түрлі-түсті қарындаш, компьютерлік графика және т.б.) қолдана отырып орындай алады.

Жұмыстар 2024 жылдың 23 қыркүйегінен 6 қазанына дейін қабылданады.

Жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады. Қорытынды 2024 жылдың 10 қазанында жарияланады.

Қосымша ақпарат және байқау Ережесімен @jasulan_qz инстаграм парақшасында таныса алады.

Байланыс ақпараты: Тел: +7 775 764 8747

e-mail: zhasulann2020@gmail.com

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button