ӘлеуметБасты ақпарат

ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Адам ішкі ағзасының бұзылуы күнделікті тұтынатын тағамнан болады. Екіншіден, жеке бас гигиенасына салғырт қараған-дықтан, дерттің асқыну қаупі ту­ындайды. Жеміс-жидек жан-жақтан ағылып келіп жатқан жаз мезгілінде оны тұтынушылар қатары тіпті артып отыр.

Жылда республикалық деңгейде сақтандыру ша­ралары тұрақты өткізіліп келеді. Атының өзі жария етіп тұрғандай, «Халықтың денсаулығы – қауіпсіз тағамда» атты акция биыл да жалғасын тапты. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен осы шара «Әсем» сауда орталығында жүргізіліп, халық сатып алған азық-түліктерінің құрамын тексеруден өткізді. Бүгін «Еу­разия» сауда орталығында да осындай сараптама жаса­лады.

Акция барысында де­партамент қызметкерлері тұрғындарға тазалықты сақтау мен қалай тамақтану керектігі жөнінде жазылған ақпараттарды таратты. Біз екі сағат бойы олардың жа­нында болып, тұрғындардың белсенділігін бақыладық. Жастар жағы сатып алған тау­арларын тексеруден өткізуге аса құлық таныта қойған жоқ. Кезекте тұрғандардың басым бөлігі егде азаматтар болды.

– Біз тоқсан сайын са­уда нүктелеріндегі азық-түлік тауарларының сапа­сын тексеруден өткіземіз. Биыл құрамында нитраты басым тағамдардан улану дерегі тіркелген жоқ. Ал ау­руханада ем алғандардың дені – жеке бас гигиенасын сақтамағандығынан зардап шекті. Жалпы, бұл акция денсаулықты сақтау мен са­палы тауарды қалай айыру керектігі жөнінде халыққа мол мағлұмат береді деп ойлаймын,–дейді депар­тамент директоры Сарқат Сағынтайқызы.

Расында, кейбіріміз тамақты пайдалану мен оны дайындаудың ережелерін біле бермейміз. Мәселен, жұмыртқаны сатып алғаннан кейін, оны сода ерітіндісіне салып, сабынды суда шүберекпен жуған дұрыс екен. Тазаланған жұмыртқаларды тоңазытқышта 12 күнге дейін сақтауға рұқсат етіледі. Басқа тағамдарға қойылатын талап­тар да өз алдына бір бөлек әңгіме. Демек, акциядан қалыс қалмаңыз, ағайын!

Әмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button