Жаңалықтар

Тазалық кепілі – «Clean City NC»

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұр-Сұлтан қаласы аймағынан тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарушы ұйымдарға таңдау жасау жөнінде» жариялаған тендерде «Clean City NC» ЖШС жеңімпаз атанған болатын.

[smartslider3 slider=993]

«Clean City NC» ЖШС – Нұр-Сұлтан қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығарумен айналысатын мамандандырылған ірі компания. «Clean City NC» ЖШС заманауи техникалық базамен, білікті қызметкерлер мен арнайы техникамен жарақталған автопаркі бар компания, сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. «Clean City NC» ЖШС қалдықтарды шығаратын заманауи техника паркімен жабдықталған. «Еуро-4» экологиялық стандарттағы 66 заманауи (оның ішіндегі 30 көлік 2017 жылы шыққан) арнаулы көлік бар. Тар жерде орналасқан ҚТҚ шығарып алу үшін компания арнайы шағын көліктер сатып алды.

«Clean City NC» ЖШС – тұрғын үй алаптары мен жеке ұйымдар аймағындағы қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша кең көлемде қызмет ұсынады. Арнаулы көлік құралдарының қозғалыс бағдарына GPS жүйе­сі арқылы «құпия бақылау» жүргізіліп отырады. Ұсынылған қызметтердің сапасына кепілдік беретін өзге де know-how ­сияқты техникалық мүмкіндіктер мониторинг жасайды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button